Өскемендік жастар салауатты өмір
салтына шақырады. Осы мақсатта бүгін қабырғаға жаман әдеттердің зиянын
дәріптейтін суреттер салды. Бір сәтте Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық
диспансердің қабырғасын түрлі бояуға енді.
Алдымен «Біз өмірді таңдаймыз деген»
алғысөздерді жұрт көзіне көрінетіндей етіп жазып қойды. Сосын жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыратын
суреттерге көмкерілді. Салған суреттердің қай-қайсысы болсын мағыналы, арқалар
жүгі ауыр. Алдағы уақытта еріктілер өз қатарына өзге де қылқаламды жолдас еткен
суретшілерді тартуды ойластырып отыр. Осылайша нашақорлықпен күрес
жүргізуді де жоспарлап қойған.
Иван Леверино, Өскемен қаласының тұрғыны:
Адамды ештемеге мәжбүрлеуге болмайды. Біздің мақсат - осы суреттер арқылы
жастарға ой салу. Дұрыс жолды таңда дегенді меңзеу.
Қанат ОРАЛБЕК