$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Нұрсұлтан Назарбаев Бурабай курортты аймағында жобалардың жүзеге асу барысымен танысты

AstanaTV
11.06.2014ж. 20:00
1035
Нұрсұлтан Назарбаев Бурабай курортты аймағында жобалардың жүзеге асу барысымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабай курортты аймағында «Абу-Даби Плаза», «Астана ЕХРО-2017», «Көк жайлау» тау курорты» және Алматы медициналық орталығы жобаларының жүзеге асу барысымен танысты.

Сондай-ақ инвесторлар кеңесі аясында «Қазақстанның 2010-14 жылдарға арналған индустриялық бағдарламасындағы шетелдік инвестициялар» атты көрмеде болды. Мұнан бөлек, Президент Щучинск-Бурабай курорттық аймағы мен Borovoe Country Club коттедж кентінің, гольф-клубтың, Назарбаев Университеті ғылыми-зертханалық кешенінің жобаларын көріп шықты.

Мұнан соң Елбасы бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. «Дженерал Электрик Ойл энд Газ» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен кездесу барысында мұнай-газ инфрақұрылымы, энергетика, көлік салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА