$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанның 2017 жылы ЕХРО көрмесін өткізетіні ресми түрде мойындалды

AstanaTV
11.06.2014ж. 20:00
1220
Қазақстанның 2017 жылы ЕХРО көрмесін өткізетіні ресми түрде мойындалды

Қазақстанның 2017 жылы ЕХРО көрмесін өткізетіні ресми түрде мойындалды. Халықаралық көрме Бюросының бас ассамблеясы мұны ашық түрде жариялады.

Бүгін Франция астанасы - Парижде ұйымның 155-ші сессиясы өтті. Онда еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегацияға көрменің туы табысталды. Бір жағынан алып қарағанда, бұл формальды шара көрінеді, себебі, көрменің Астанада өтетіні жаңалық емес. Алайда осы күннен бастап Қазақстан өзге мемлекеттермен, компаниялармен ресми түрде келіссөздер жүргізуді бастайды.Түрлі шарттарға қол қояды, бір сөзбен айтқанда, ЕХРО-ны өткізудің нақты фазасы басталды.

Талғат Ермегияев, «Астана-ЕХРО» ҰК АҚ басқарма төрағасы:


Бүгіннен бастап келіссөздер басталады. Өйткені алдында да жұмыс істегенбіз, бірақ ресми түрде ешкіммен біз қол қоя алмаймыз, ешкіммен келісе алмаймыз. Жай сөйлесу, ақылдасу шаралары ғана жүріп жатқан. Ал бүгіннен бастап келісім-шартқа қол қоюға болады, басқа мемлекетті шақыруға болады немесе үлкен корпорациямен сөйлесуге болады, ресми түрде осындай жұмыстарды істеуге болады.

Қазақстандық делегацияға табысталған ту ертең Бурабайда өтетін шетел инвесторларының кеңесінде Мемлекет басшысына табысталады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА