$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Елордада апта басынан бері нан қымбаттады

AstanaTV
11.06.2014ж. 20:00
1106
Елордада апта басынан бері нан қымбаттады

Елордада апта басынан бері нан қымбаттады. «Цесна-астық» концернi ас атасының өзіндік құнын 48 теңгеден 55 теңгеге көтерді. Концерн өкілдері мұның себебі ұн мен бидай құнының жоғарылауынан дейді. «Біздің компания 50 теңгеден кем бағада нан сата алмайды. Себебі, нанның өзіндік құны шамамен 65 теңге. 6 жыл бойы компания әлеуметтік жауапкершілікті сезініп бағаны өсірген жоқ", - дейді корцерн басшылығы.

Айта өтейік, Елордада 2008 жылдан бері нан бағасы бір қалыпта тұр. 50-55 теңге көлеміндегі бағаны ұстап тұруға мемлекеттік қордағы астықтың арзан бағамен жіберілуі сеп болды. Қазіргі уақытта 19 наубайхана бағаны негізсіз өсірмеу жөніндегі меморандумға қол қойды. Дегенмен, елордадағы ең ірі өндіруші - «Цесна» концерні» бұл келісімге қол қойған жоқ.

Илья Мещеряков, «Цесна-Астық» концернi» АҚ директорлар кеңесiнiң мүшесi:


Әлеуметтік нан бар, қалыпты, «кірпіш» аталып кеткен. Ол біздің зауытта 45 теңге тұратын. Жеткізуін қоссақ 48 теңге болады. Қазір зауыттағы баға бес теңгеге, ал жеткізу құны 3 теңгеге жоғарылады. Сондықтан, қалаға жеткенде ол 55 теңге болады. Сауда орталықтарына біздің нанды 60 теңгеден асырмау жөнінде ұсыныс жасаймыз. Бірақ қазір нарық заманы. Оларды бағаны ұстап тұруға міндеттей алмаймыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА