$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Атыраулық жеткіншектер арасында суицидтен көз жұмғандар саны артқан

AstanaTV
11.06.2014ж. 20:00
1089
Атыраулық жеткіншектер арасында суицидтен көз жұмғандар саны артқан

Атыраулық жеткіншектер арасында суицидтен көз жұмғандар саны артқан. Бұл жөнінде облыстық прокуратурада өткен жиында айтылды. Құзырлы мекеменің тексеруі мектептер мен колледждерде психологтар жұмысының жолға қойылмағанын анықтады.

Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар үшін арнайы алдын алу шаралары жүргізілмегені де расталды. Балалар мен психолог маман арасында өзара байланыстың болмауы да суицидке салмақты себеп болып отыр. Тіпті, бір баланың өз-өзіне екі рет қол салмақ болғаны да тіркелген.

Гүлжан Сұлтанова, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі:

Жоғары сынып мектебін атап айтуға болады және Индер ауданындағы колледжді атап айтуға болады. Аталған мектеп пен колледж оқушы, студенті тарапынан екі мәрте ұмтылу фактісі орын алған. Екі мәрте суицид фактісінің орын алуының өзі тиісті деңгейде жүмыстың атқарылмағанын, яғни, балаларға психологиялық қызметтің толық деңгейде көрсетілмегенін дәлелдейді.

Базаргүл ІЗІМОВА