Ұлттық
банкке ұлттық валютаны жасанды жолмен күшейтудің қажеті жоқ. Еуропа мен Орталық
Азиядағы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллер осылай деп
есептейді.
Ол Nazarbayev
University-нде оқыған дәрістен соң, біздің арна тілшілерінің сұрағына жауап
берді. Маманның пікірінше, мұнай бағасының құлдырауы кезінде, теңгені еркіне
жіберу ең тиімді жол. Мюллер валюта бағамына бола бас қатырғанша, осы жағдайға
соқтырған себептермен жұмыс істеу керек, дейді. Еске салайық, 20 тамызда Ұлттық
банк теңге бағамын реттеу саясатынан бас тартты. Бүгінде 1 доллар 306 теңге
тұрады.
Сирил
Мюллер, дүниежүзілік банктің вице-президенті:
Ұлттық
банкке ұлттық валюта бағамын жасанды жолмен ұстап тұрған дұрыс емес. Ұлттық
банк не істеу керегін біледі. Теңгені еркіне жіберу саясаты дұрыс және ол
саясатты бұдан әрі ұстанады деп ойлаймын.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ