$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Австрия Үкіметі Рахат Әлиевті кепілдік төлеу арқылы босатпайды

AstanaTV
12.06.2014ж. 10:00
1094
Австрия Үкіметі Рахат Әлиевті кепілдік төлеу арқылы босатпайды

Австрия Үкіметі Рахат Әлиевті кепілдік төлеу арқылы босатпайды. Венада қамауға алынған Қазақстанның бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің адвокаттарынан өтініш түссе де, ол кепілдікпен босатылмайды. Бұл жөнінде Австрия астанасы прокуратурасының спикері Томас Вичайге сілтеме жасап Tengrinews хабарлайды.

«Кепілдік енгізу кісі өлімі істері туралы Австрияның процессуалды заңнамаларымен қарастырылмаған», - деп мәлімдеді прокуратура өкілі.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиевтің «Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Теміралиев пен Айбар Хасеновті ұрлау және өлтіруге қатыстылығы тексерілуде. Ведомство сондай-ақ тергеу барысында барлық ақпараттар, оның ішінде ҚР Бас прокуратурасы ұсына алатын деректер ескерілетіндігін де мәлімдеді. Австрияның құқық қорғау органдары өткен аптада өз еркімен берілген күдіктіге әзірше ешқандай айып тағылмағандығын айтты.