$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Ұлыбритания астанасында такси жүргізушілерінің ереуілі басталды

AstanaTV
12.06.2014ж. 10:00
1591
Ұлыбритания астанасында такси жүргізушілерінің ереуілі басталды

Ұлыбритания астанасында такси жүргізушілерінің ереуілі басталды. Наразылық акциясына шыққандар жаңа интернет технологиясымен жабдықталған басқа компаниялардың жұмысына қарсы. Алдымен, Трафальгар алаңын жауып тастаған көлік жүргізушілері артынан Лондонның бірқатар ірі магистральдарын бөгеді. Салдарынан көлік кептелісі орын алды.

Такси жүргізушісі Джастин Уинтлидің пайымдауынша, «біз мұнда көп жылдар бойы жұмыс жасап келеміз. Біз жаңа технологиясы бар көліктерге қарсылығымыз жоқ. Бірақ, қала басшылары жаңа компанияларға арнайы жеңілдіктер жасауда. Біз мұнымен келіспейміз», -дейді. Уинтли өз көлігін Ұлттық галереяның маңына қойып, Чаринг-кросс роуд көшесін бөгеп тастады.

Самат ҚАНАҒАТОВ