$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Бүгін Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты басталады

AstanaTV
12.06.2014ж. 10:00
1256
Бүгін Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты басталады

Бүгін Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты басталады. Доп додасына қарамастан, елде наразылық акциялары жалғасуда. Төрткүл дүние көз тігетін жарыста қауіпсіздік күшейтілді.

Ірі қалалардың көшелерінде тәртіп сақшыларымен бірге әскерилер де қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Төрт жылда бір өтетін жарысты қабылдап отырған Бразилияның ішкі шешілмей отырған мәселелері шаш етектен. Қала көшелерінде қылмыс деңгейі шарықтап тұр. Ірі қалалардағы жағдайы төмен аудандарды қадағалау бас қатырар мәселе. Оған қоса, Әлем чемпионатының өтуіне қарсы ереуілдер қосылды. Салдырынан полиция қызметкерлерінің күші жетпегендіктен әскерилердің көмегіне жүгінуге тура келді.

Армия жасақтары көшелердегі қауіпсіздікті қадағалап, Рио, Сан Пауло және Ресифи маңындағы әлеуметтік жағдайы төмен аудардарды бөгеп тастады. Яғни, Әлем чемпионаты барысында бұзақылардың стадиондар, демалыс орындары мен жағажайда еркін жүруіне тиым салынады.

Дегенмен, қылмыстың алдын алу толығымен мүмкін болмай тұр. Сейсенбі күні қылмыскерлер құрама бапкері Босни Сафет Сушичті тонап кетті. Мұндай жағдайларда тәртіп сақшылары қылмыскерге қарсылық көрсетпеуді жөн санайды. Өйткені, жанкүйер немесе, саяхатшының өміріне қауп төнуі мүмкін. Футболдан Әлем чемпионаты 13-шілдеде аяқталады.

Самат ҚАНАҒАТОВ


Алдыңғы жаңалық