$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Ресей Жинақ банкі ҚТЖ-на 3,6 млрд доллар қаражат құймақ

AstanaTV
12.06.2014ж. 13:00
1641
Ресей Жинақ банкі ҚТЖ-на 3,6 млрд доллар қаражат құймақ

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші пленарлық отырысы барысында ел экономикасы үшін маңызды бірқатар келісімдер жасалды. Мысал үшін, Қазақстанда жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен шетел азаматтарына визасыз режим енгізілетін болды.

Бұл тізімде АҚШ, Нидерланд, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Жапония азаматтары бар. Сонымен қатар, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шет ел инвесторларын отандық 700 компанияның жекешелендірілуіне белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, елбасы шетелдік кәсіпкерлерді өздеріне қажетті қызмет түрлері мен тауарларды сатып алуда қазақстандық нарыққа назар аударуға үндеді. «Егер де сіздер сатып алатын тауарлар мен қызметтер түрінің алдын ала 2-жылдық жоспарын ұсынсаңыздар, қазақстандық компанияларда бекітілген мерзімде қажетті тауарды ұсынуға мүмкіндік болар еді», - деді Назарбаев пленарлық отырыста.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ