$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Иран шетел инвестициясын тарту ниетінде салық жүйесіне өзгеріс енгізді

AstanaTV
20.06.2014ж. 13:00
897
Иран шетел инвестициясын тарту ниетінде салық жүйесіне өзгеріс енгізді

Иран шетелден инвестиция тарту үшін салық жүйесіне жеңілдіктер енгізеді. Бүгінде Иран Ислам республикасының үкіметі кешенді жоспар әзірлеуде. Бұл туралы Иран телеграфтық агенттігіне сілтеме жасай отырып «ҚазТаг» агенттігі хабарлайды.

Қаржы және экономика министрі Али Тайебниёның мәлімдеуінше, ел экономикасы мұнай долларына тәуелді. Министр шетелдік инвесторлардың көптеп тартылуы мұнай экспортының тәуелділігінен босатады деген сенімде.

Бұған дейін Иран ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ниетті шетелдік инвесторлар үшін 100% салықтық жеңілдіктер қарастырғаны мәлім. Оған қоса, тау-кен өндіру саласында шетелдік инвесторлар үшін 80% жеңілдіктер енгізілген.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА