Түркияның
ДАИШ-пен күрес жүргізу бойынша одақтастары Сирияда ұшпау аумағын енгізуді
көздейді. Бұл жөнінде ел президенті Режеп Тайып Ердоған хабарлады. Алайда
ол "одақтастар" дегенде, нақты қай мемлекеттерді меңзегенін
айтпады,- деп жазады Рейтерс. Ердоғанның сөзінше, қазір елдің оңтүстігіндегі
арнайы базада коалициялық күштердің
ұшақтары тұр. Қажет болса, олар өзге базалардан да орын алуы мүмкін. Ердоған дәл
осы тақырып бойынша Барак Обамамен сөйлескенін жеткізді.
Жалпы бұл мәселені
Түркия осыған дейін де көтерген. Биліктің ойынша, егер ұшпау аумағы енгізілсе, бұл босқындар үшін қауіпсіз аймақ болар еді. Тек Құрама Штаттар бұл идеяны қолдамаған. Еске салайық
Сирияда 2011 жылдың наурызынан бері қарулы қақтығыс жүріп жатыр. БҰҰ дерегі
бойынша бұл жағдайдан 220 мыңнан астам
адам қаза тапты.
Режеп
Тайып Ердоған, Түркия президенті:
Біз Сирияда ұшпау аумағын енгізуді
қалаймыз. Одақтас елдер де бұл бастаманы қолдайды. Сондай-ақ ДАИШ-ке қарсы
операциялар бойынша алға жылжушылық бар екенін атап айтқым келеді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА