$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бурабайда Президенттің жетекшілігімен шетелдік ивесторлар кеңесінің ХХVII жиыны өтті

AstanaTV
12.06.2014ж. 20:00
1452
Бурабайда Президенттің жетекшілігімен шетелдік ивесторлар кеңесінің ХХVII жиыны өтті

Бурабайда Президент Назарбаевтың жетекшілігімен шетелдік ивесторлар кеңесінің 27-жиыны өтті. Мемлекет басшысы кеңес мүшелерінің көз алдында елдегі инвестициялық ахуалды оңалтуға бағытталған заңға қол қойды. Құжат инвесторларға көптеген жеңілдіктер қарастырады.

Индустрияландырудың бес жылдығын қорыта келе, Мемлекет басшысы қонақтарды бағдарламаның екінші кезеңіне де атсалысуға шақырды. Сондай-ақ алдағы уақытта қандай салаларды дамытуға басымдық берілетіні айтылды. Дәстүрлі жиынға алпауыт компания басшылары да өз ұсыныстарын тыңғылықты әзірлеп келіпті. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады. 

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген мәртебелі меймандарды Бурабайдағы жаңа әрі қымбат қонақ үйлердің бірінде қарсы алды. Президент алдымен халықаралық көрмелер бюросының туын қабылдады. Содан соң әлем алпауыттарын ЕХРО-ға атсалысуға шақырды. Іле-шала аса маңызды құжатқа қол қойылды. Ендігі кезде инвестор корпоративті табыс салығынан 10, мүлік салығынан 8 жылға босатылады. Өндіріс нысанын іске қосқан соң, мемлекет тарапынан 30% субсидия бөлінеді. Ал салынатын салық мөлшері, экологиялық міндеттемелер алдын ала өзгеріссіз он жылға бекітіледі.

Мұнан бөлек, жаңа заң инвестициялық жоба құрылысы кезінде шет елдік жұмысшыларды квотасыз тарту және өндіріс іске қосылған күнде, бір жылға дейін еңбек етуге рұқсат береді. Сондай-ақ инвесторлардың құқын қорғау үшін омбудсмен институты құрылады. Әрі инвестициялық белсенділік танытқан он мемлекетпен визасыз барыс-келіс орнайтын болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ол тізімде АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы және Жапония бар.

Әлбетте Президент инвесторларды индустрияландырудың екінші бес жылдығына атсалысуға шақырды. Бірінші бесжылдықта 2,5 трлн теңгеге 651 жоба іске асып, 70 мың жұмыс орыны ашылыпты. Әрбір 7-жобаға инвесторлар тартылған. Премьер-министрдің орынбасары және Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтың айтуынша, қазіргі уақытта 86 жоба инвесторлардың қатысымен іске асырылып жатыр. Екінші бесжылдықта дамытуға тиісті алты басым бағыт белгіленді. Ол: азық түлік өндіріс, көлік құрастыру, түсті-қара металлургия, мұнай өңдеу, мұнай-химия, құрылыс материалдарын шығару. Қаржыландыру мемлекет пен жекенің серіктестігі негізінде жолға қойылады: 1 теңге қазына қаржысына 3-4 теңге жеке инвестиция тарту көзделген.

Әсет Исекешев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі:

Финансовое обеспечение будет строиться на следующих принципах: из всех средств, выделяемых на развитие обрабатывающей промышленности, 80% средств будут направлены на 6 приоритетных отраслей и 20% - на отдельные проекты в иных отраслях обрабатывающей промышленности (фармацевтика, легкая промышленность и др.) при условии их высокой эффективности.

Айта кету керек, заңдағы өзгерістер ел экономикасына 20 миллион доллар қаржы құйған компанияларға қатысты болмақ. Қысқа да нұсқа сөйлеген ENRC компаниясының акционері Александр Машкевич Президенттен өндіріс орындарын жаңғыртуға да жеңілдіктер қарастыруды өтінді. Машкевич елдегі зауыттардың тозығы жеткен, жөндеуге жұмсалатын қаржы көлемі жаңа зауыт құрылысымен пара пар деп шағынды.

ENRC компаниясы әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде өз қызметкерлеріне арнап соңғы бес жылда 200 мың шаршы метр баспана тұрғызған. Алдағы уақытта бір млн шаршы метр тұрғын үй соғуға ниетті. Ол үшін компания «Қол жетімді баспана» бағдарламасына қатысып, мемлекеттік жеңілдікке ие болып, құрылыс жүргізуге мүмкіндік сұрады. Соңында Президенттің тамырын басуға тырысты.

Ал қаржы саласындағы ірі инвестор Ресей жинақ банкінің басшысы Герман Греф Қазақстанға қызмет көрсету саласын дамытуға кеңес берді. Қаржы құрылымы қанатын кең жаю үшін, биылдыққа 100 млн доллар қаржы құймақ. Жалпы Қазақстанға 4 миллард доллар бағыттау жоспарланған. Алда 800 жаңа жұмыс орынын ашуды көздеп отыр.

Жиын соңында келесі жиын қай қалада өтетіні және қандай тақырып қаузалатыны бекітілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Дүниежүзілік банктің зерттеулері көрсетіп отырғандай, азық-түлік тұтынушылық өсе түсетіндігі белгілі. 2050 жылға қарай адамзат саны 9 млрд-ты құрайды және азық-түлік қажеттілігі 2 есеге артады. Тек жайылымның өзі 200 млн гектар. Егістікке жарамды егіс алқабы 45 млн гектар. Егер олардың өнімділігін 30 пайызға арттыратын болсақ, біз азық-түліктің мол өнімін ала аламыз. Гектарынан 12-15 центнер алғанның өзінде біздер қазірдің өзінде 10 млн тонна азықтық астықты экспорттап отырмыз. 

«Ернст энд Янг» аудиторлық компаниясының өкілі Карл Джохонсон Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы бойынша жүргізілген ең соңғы зерттеу қорытындысымен бөлісті. Оған 28 мемлекеттен 200 инвестор қатысқан. Респонденттердің 47 пайызы алдағы үш жылда елдегі инвестициялық ахуал бұдан да жақсаратынын атаған. Оған басты себеп - макроэкономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылық деп есептейді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ