$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Тау-кен металлургия саласы елдегі энергоресурстың 70%-ын пайдаланып отыр

AstanaTV
12.06.2014ж. 20:00
2478
Тау-кен металлургия саласы елдегі энергоресурстың 70%-ын пайдаланып отыр

Тау-кен металлургия саласы елдегі барлық энергоресурстың 70%-ын пайдаланып отыр. Бұл көрсеткішті 2015 жылы 15% және 2050 жылы 50%-ға дейін қысқарту тапсырмасы қойылған. Сондықтан Қазақстанға шетелдік тәжірибе аса маңызды.

Осы мақсатта Астанада V халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр. Бүгін оның технологиялық көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Альберт Рау, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары:

Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы дүниежүзілік тау-кен конгресі Астанада өтеді. Бұған дейін 4 конгресті сәтті өткізген едік Елордада. Мына ашылып отырған көрме аса ауқымды емес. 50 қатысушысы ғана бар. Бірақ оның маңызы зор. Ал 2018 жылғы көрме өте ауқымдын болады деп ойлаймын. Өйткені ол уақытта 2017 жылғы ЕХРО көрмесінен павильондар қалады.

Тәуелсіздік сарайына 30-ға жуық елдің делегаттары ат басын тіреді. Басты бағыт - тау-кен металлургия саласына ғылымның жаңа жетістіктері мен технологиялардың соңғы үлгілерін енгізіп, энергоресурстарды үнемдеу. Еліміз үшін аталмыш саладағы энергия тиімділігі өзекті. Қуат көзін үнемдей алмай отырғанымызға тозығы жеткен технология да әсерін тиігізіп отыр. 

Ерболат Бөксікбаев, «Энергия тиімді технологиялар және энергия үнемдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖСШ директоры:

Бұл өздеріңіз білесіздер технологияның ескісі. 30,40,60 жылдардағы сол технологиялар бойынша кен байлықтарды алу болып жатыр. Қазір тек қана энергия үнемдеу емес технологияларға модернизация жасап, өңге келітіру керек.

Техноголиялық тетіктер өз алдына. "Тау-кен өндірісінің қуат көзін үнемдеуде тарифті көтермей, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізбейміз", - дегенді де айтады мамандар.

Ерболат Бөксікбаев, «Энергия тиімді технологиялар және энергия үнемдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖСШ директоры:

Если чисто мое мнение, без увеличения тарифа ничего не будет. Тариф надо увеличивать. Я энергетик, я знаю, без увеличения тарифа ничего не получится.

Тау-кен металлургиясы - Қазақстан экономикасындағы көшбасшы өнеркәсіп саласы. Мұнда 500-ге жуық ірі және орта өнеркәсіп бар. 300 мыңнан астам жұмысшы нәпақа тауып жүр. Сондықтан саланы жаңғырту, әсіресе қуат көзін тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.

Айгүл ӘДЕПБАЙ