Қазақстанда жұқпалы дертпен күрес шараларына 12 миллиард теңге бөлінді. Бұл
туралы журналистермен кездесуде Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек
Бекшин мәлімдеді.
«Жұқпалы аурулардың алдын алу үшiн үкiмет жыл сайын қаржы
бөледі. Соңғы 7 жыл iшiнде жұқпалы аурулардың алдын алуға бөлiнетiн қаражат 12
есе артты. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ең заманауи вакциналарды
сатып алып жатқанын ескерген жөн», - дедi Бекшин.
Жандарбек Бекшин, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының
орынбасары, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:
2014 жылдың өткен кезеңiнде елiмiзде ауру түрлерi 13 нозологиялық форма
бойынша тiркелген жоқ. Оның iшiнде оба, күйдiргi, тырысқақ, конго - қырым қанды
безгегі, полиомиелит сынды аса қауiптi карантиндiк жұқпалы дерттер бар.
Жұрағат БАМАН