$499.51 €525.83 ₽4.62
×

БҚО-да бруцеллезден жыл сайын мыңдаған мал арам өлтіріледі

AstanaTV
13.06.2014ж. 10:00
1468
БҚО-да бруцеллезден жыл сайын мыңдаған мал арам өлтіріледі

Батыс Қазақстан облысында бруцеллезден баудай түскен малдың саны жыл басынан бері 4 мыңға жетті. Індет ошағы облыстың барлық ауданынан табылып отыр. Қазір ауру өршіген 7 ауылда сауықтыру жұмыстары қолға алынған.

Бірақ, сала мамандары жағдайдың бақылауда екендігін айтады. Өйткені, соңғы үш жылда өңірдегі бруцеллез кеселін жұқтырған малдың саны 83 мыңға жеткен. Яғни, әр жылда 25 мыңға жуық мал дертке шалдығып отырған. Сондықтан, салыстырмалы түрде алғанда, бұл қанағаттанарлық жағдай, дейді мамандар. Ауруды жұқтырған мал бірден сойылады. Сондықтан мал иелеріне мемлекет тарапынан өтемақы беріледі. Қазір Батыс Қазақстан облысында 415 мың ірі қара бар.

Қазыбек Тәшімов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы:

Сол 4 мың бастың 15 күн мерзім ішінде арнайы сою орындарына жануарларды тапсыру жүргізіліп жатыр. Облыста 88 миллион теңге қаражат бөлініп, мал иелеріне өтемақы төленіп жатыр. Нарықтық құнының 30%-на дейін.

Еркін ҚАРИН