$499.51 €525.83 ₽4.62
×

"Кедергісіз келешек" жобасы аясында заң талқыланды

AstanaTV
12.06.2014ж. 20:00
2218
"Кедергісіз келешек" жобасы аясында заң талқыланды

Бүгінгі қолданыстағы заң мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға толыққанды бейімделуіне мүмкіндік бермейді. «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында мүгедек жандардың құқын қамтамасыз ету және өмір сапасын арттыруға бағытталған «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесіне байланысты ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы төңірегінде пікір алмасу өтті.

Құжат қолданыстағы 7 кодекс пен ҚР 24 заңына 112 түзету мен толықтырулар енгізбек. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде мүгедек жандардың медициналық сауықтандырылуы, оқу және жұмыспен қамтылу мәселелері көтеріліп отыр. «Қазақстандық мүгедектердің конфедерациясы» қоғамдық бірлестігі президентінің айтуынша, мүгедектерге арналған жұмыс орындарының 3 пайыздық квотасы қажетті нәтиже бермейді. Заң жобасы отырыс барысында пысықталып, ұсыныстар ҚР Парламенті мәжілісіне жіберілді.

Жанат Омарбекова, «Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы» РҚБ президенті:

Бұрынғы заңдар бүгінгі күні жұмыс жасап жатқан жоқ. Бұл бәріне белгілі. 3 пайызды жұмыспен қамтамасыз ету заң бүгінгі күні жұмыс істеп жатқан жоқ. Сондықтан осындай өзгерістер енгізіледі. Оны белсенді талқылап, жұмыс істейтіндей етіп қабылдау керек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ