Ирак провинцияларындағы ахуалға қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі
де өз алаңдаушылығын білдірді. "Қазақстан террорлық топтардың бірқатар
қалаларды басып алуына және босқындар санының артуына алаңдаулы" -
делінген министрліктің бүгін таратқан мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, сыртқы саясат
бойынша мекеме "Ирак және Левант ислам мемлекеті" террорлық тобының
Мосулдегі түрік консулдығы қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін кепілге
алуын айыптап отыр. Сондай-ақ бейбіт демократиялы, өркениетті ел
қалыптастыру жолында Ирак үкіметі мен халқына қолдау танытты.