Бразилиялық Сан-Паулуда футболдан әлем
чемпионаты басталар күні жаппай тәртіпсіздіктер болды. «Жергілікті полиция әлем
чемпионатына қарсы демонстранттарды көзден жас шығаратын газ және дыбыстық
гранаталардың көмегімен таратты», - деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.
Наразылық шарасына жүздеген адам
шықты. Олар футбол додасының алғашқы матчының
ашылуына шерулеп жетпек болған. Алайда құқық қорғаушылар олардың әрекетін
тоқтатып үлгерді. Арада бірнеше сағат өте келе, демонстранттар көршілес көшеде
тәртіпсіздіктерге жол берді. Олар қоқыс жәшіктерін жағып, полиция
қызметкерлеріне тас атқылады. Нәтижесінде бір демонстрант құрықталды. Ал
оқиғаны бейнетаспаға түсіріп жүрген CNN телеарнасының продюсері аяғынан жарақат
алды. Бүгінде
тағы бес адам жараланғандығы жариялануда.
Белгілі футбол комментаторы Георгий
Черданцевтің айтуынша, елдегі толқулардың футболға еш қатысы жоқ. «Наразылықтар тек саясатпен байланысты», -
дейді.
Жұрағат БАМАН