Биыл Қазақстан тау-кен металлургия
саласында 7 жобаны іске қоспақ. Бұл жайында бүгін Astana Mining &
Metallurgy конгресінде Премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді.
«Жеделдетілген индустриалды-инновациялық бағдарламаның арқасында тау-кен металлургия саласында
50 жаңа өндіріс ошағы іске қосылды. Биылғы жылы тағы 7 жобаны іске қосу
көзделіп отыр», - деді Мәсімов. Сондай-ақ, Премьер-министр кен-металлургия
Қазақстан экономикасында негізгі салалардың бірі екенін атап өтті. Оның жалпы
өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 18%-ды құрайды және салада 300 мыңға жуық адам
еңбек етіп жатыр.
Премьер-министр үкімет тарапынан кен-металлургия саласын дамытудың 2018 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілгенін хабарлады. Ал, 2018 жылы Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресінің
25-отырысы өтеді. Үкімет басшысы Қазақстан бұл шараны лайықты деңгейде өткізуге
барынша күш салатынын айтты.