$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Малайзия билігі жоғалған Boeing жолаушыларының отбасыларына өтемақы төлей бастады

AstanaTV
13.06.2014ж. 13:00
1237
Малайзия билігі жоғалған Boeing жолаушыларының отбасыларына өтемақы төлей бастады

Ізім-ғайым жоқ болған Boeing 777 жолаушыларының отбасыларына өтемақы төлене бастады. 50 мың доллар көлеміндегі өтемақыға алты малайзиялық және бір қытайлық отбасы ие болды, деп сингапурлік Straits Times газетіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» хабарлады.

Айта өтейік, Malaysia Airlines ұлттық әуе компаниясының сақтандырушысы үш ай бұрын жоғалған апат туралы ақпараттың әлі толық анықталмағанына қарамастан, алдын ала өтемақы төлеуді жөн көрді. Жоғалғандардың отбасы мүшелеріне көмек көрсету бойынша комитет құрылды. Оны әмірліктің сыртқы істер министрі Хамза Зайнудин басқарады.

Айтуынша, мұндай төлемдер барлық жоғалған 239 жолаушы мен экипаж мүшелерінің отбасыларына төленеді.

Еске салсақ, Куала-Лумпурден Бейжіңге МН370 рейсімен шыққан Boeing 777-200 әуе лайнері 227 жолаушысы және бортындағы 12 экипаж мүшесімен 8 наурызға қараған түні радар экранынан жоғалды. Жорамал бойынша, жолаушылардың бәрі қаза болды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА