Ақтөбеде жаңадан салынып жатқан рельс-арқалық зауытында төтенше жағдай орын алды. Бетон қабырға құю кезінде 14
метр биіктіктен 10 шақты жұмысшы құлаған. Дереу
ауруханаға жетеуі
жеткізілді. Дәрігерлер
олардың екеуіне алғашқы медициналдық көмек көрсетіп, үйлеріне жіберді. Төртеуі жан сақтау бөлімінде. Травматология бөлімшесінде де
жарақатпен
керуетке таңылғаны бар.
Серік Бәйімбетов, Ақтөбе облыстық теміржол
ауруханасының дәрігер-травматологы:
Негізінен милары шайқалған. Белі сынғандары да бар. Омыртқалары, ішінің жабық жарақаттары бар. Емдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Болашақты болжағым келмейді. Уақыт барлығын көрсетеді ғой. Бірақ жарақаттары өте ауыр.
Жұмысышылардың неліктен құлағандығы әзірге белгісіз. Құрылыс басшылығымен байланысу мүмкін болмады. Ал еңбек департаментіндегілер төтенше жағдайдан бейхабар болып шықты. Жарақат алған жұмысшылар
болса қауіпсіздік
ережесін қатаң сақтадық дейді.
Бағдат Топпасов, жәбірленуші:
14 метр биіктікте бетон құйып жатқанымызда, сағат 11 жарым-он екіге таман, кенеттен астымыздағы ланимат подставкалар құлап кетті.
Сол оқыстан барлығымыз жерге құладық. Төбеде сол 10 адамдай болдық. Белдік тақтық, әрине. Әрбір шыққанда, қол қойып отырамыз ғой, әрине. Кенеттен болды да. Ойлаған жоқпыз олай
болатынын.
Мансұр ЕСҚОЖИН