$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Еуразия экономикалық одағы - бірлесу үдерісінің бір көрінісі

AstanaTV
13.06.2014ж. 20:00
1571
Еуразия экономикалық одағы - бірлесу үдерісінің бір көрінісі

Еуразия экономикалық одағы - бірлесу үдерісінің бір көрінісі. Ал одаққа енген мемлекеттердің ешбірі саяси және мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылмақ емес. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары мәлімдеді.

Әлемде 50-ден астам өңірлік интеграциялар жұмыс істейді. Астанада 29 мамырда құрылған Еуразиялық экономикалық одақ осындай ірі интеграцияның бір көрінісі. Ол: "Одақ бірнеше себеп бойынша құрылуы мүмкін. Тек Еуразия экономикалық одағының құрылуында экономикалық себептер жатыр», - деді.

Сондай-ақ осы басқосуда одақтың рухани және тарихи құндылықтарға да негізделуі керектігі айтылды. Біздегі рухани құндылықтар Еуразия кеңістігімен біте қайнасып кеткен. Ал одақ жұмысына келсек, ол енді жандана береді. Басты міндет оның тиімділігін сонау шалғайдағы ауыл тұрғынына дейін түсінікті етіп жеткізу.

Әділ Ахметов, Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

Егер дамимыз десек, біріккен өнеркәсіптерді өзімізде ашуымыз керек. Біріншіден, жұмыссыздық жойылады, екіншіден, әлемдік стандартқа сай тауарлар шығады, оларды экспорттасақ 170 млн адамдық нарыққа, онда Қазақстанға түсетін пайда шаш етектен болмақ.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА