$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3%-ға жетеді

AstanaTV
13.06.2014ж. 20:00
1528
Елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3%-ға жетеді

Елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3%-ға жетеді. Бұл жөнінде Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.


Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:

Нарықта өзіндік орын алатын компаниялармен келісім түзу жоспарымызда бар. «Жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасына сай жаңартылатын энергия көздерін дамытудың нақты жүйесі әзірленді. Елбасы тапсырмасымен Еуропа елдеріндегі жаңартылатын энергия көздерін арттыру тәжірибелері зерттелді. Оның нәтижесін қолдана отырып сарапшылар кеңесіне құлақ түрдік.

Нұрлан Қаппаров жеткізген тағы бір жаңалық, киіктердің саны өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға көбейген. Көктемде жүргізілген санақ осыны көрсетті. Бұл -желаяқ жануарларды қорғау шараларының жандануы арқасында мүмкін болып отыр. Осыдан он жылдай бұрын киіктер 30 мың басқа дейін азайған еді. Бүгінде олар 256 мыңнан асып жығылады.

Министрдің айтуынша, браконьерлікпен күресуге Қазақстанмен қатар басқа да елдердің үкіметтік емес ұйымдары көмекке келген. Мамандардың болжамына сенсек, таяу 5-10 жылдың ішінде Қазақстанда киіктер саны жарты миллионға жетуі мүмкін. Қоршаған орта және су ресурстары министрі дала еркесі ақбөкендердің саны нақты межеге жеткеннен кейін олардың өнімін нарыққа да шығаруға болады дейді.