$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қарағандыда партиялық жобаларды дамыту жөніндегі өңірлік семинар өтті

AstanaTV
13.06.2014ж. 20:00
1390
Қарағандыда партиялық жобаларды дамыту жөніндегі өңірлік семинар өтті

«Аймақтардың жұмысына басымдық берейік». Қарағандыда өткен семинар кеңесте «Нұр Отан» партиясының мүшелері осындай міндеттеме алды. Әлеуметтік маңызға ие 12 жоба еліміздің барлық өңірінде ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Жиынға қатысқандардың мәлімдеуінше, бірінші кезекте азаматтардың әл-ауқатын көтеруге мән беріліп жатыр. Жастардың жұмысқа орналасуы қарқынды. Кәсіпорындарда мүгедектердің еңбекке тартылуы шешіліп келеді. Жас отбасылар мен ардагерлердің мәселесі де ескерілген. Бұдан бөлек, пария жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бірнеше жобаны қарауда. Әсіресе ауыл жастарының өз кәсібін ашып, тірлігін түзеп кеткені маңызды.

Партия қолға алған жоба нәтижесіз емес. Мәселен, алғашқы бір айдың өзінде ел аумағындағы төрт мыңнан астам мүгедек азамат жаңа жұмысқа ие болып үлгерді. Бұл бағытта үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер палатасы бірлесе жұмыс істеп жатқаны сөз болды. Басты мұрат - жұмыссыздықты жою.

Арман Ешмұратов, "Нұр Отан" партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Ардагерді ардақтайық, осы жоба бойынша үлкен зерттеу өткіздік Павлодар қаласында. 214 ардагердің мәселелерін зерттеп, оларды шешіп отырмыз. Жалпы 12 проект партия деңгейінде көтеріледі және әлеуметтік топтардың мәселелерін шешеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істеу, Елбасы үлкен жоспар қойды алдымызға. Жұмыспен қамтамасыз ет деп, сол енді жеке кәсіпкерлермен жұмыс істейміз.