Алматыда
колледж алдынан студент қызды ұрлап әкеткендердің автокөлігі мен оның кімге
тиесілі екені белгілі болды. Қазір оны қолға түсірудің жоспары жасалып қойған.
Бұл жайында қалалық ІІД мамандары айтты.
Бүгін
таңертең Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің алдынан
белгісіз біреулер студент қызды ұрлап әкетті. Келеңсіздікті оқу орны
студентерінің бірі ұялы байланыс құралына түсіріп алған. Бірнеше жігіт көптеген
куәгерлердің көзінше кәмелет жасына толмаған қызды күштеп көлікке салып, алып
кеткені анық түсіп қалған. Айта кетейік, ұрланған қыздың туғандары құзырлы
орындарға арызданыпты. Осыған орай Қылмыстық кодексінің 125 бабына сәйкес «адам ұрлау» фактісі бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.
Салтанат
Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
Бойжеткеннің
жасы кәмелетке толмаған, ол Алматыдағы колледждердің бірінің студенті. Енді
полицияның барлық күші осы азаматшаның аман-есен құтылуына бағытталуда.
Міндетті түрде сезікті адамдар ұсталып, заң алдында жауап беретін болады.
Самат
ҚАНАҒАТОВ