$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қарағандыда ашық қалған люктен бала құлады

AstanaTV
17.06.2014ж. 10:00
1459
Қарағандыда ашық қалған люктен бала құлады

Қарағандыда екі жасар бала кәріз құдығына түсіп кетті. Қызды анасы құтқарып үлгерген.

Бұндай оқиға облыста бірінші рет болып отырған жоқ. Тура 2 жыл бұрын шаһарда 2 жасар Егор Хемиль кәрізге құлап кетіп, көз жұмған болатын. Қайғылы оқиғаға жауаптылар жазалануы былай тұрсын, сол құдықтар күні бүгінге дейін ашық күйінде жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі, тіпті, облыс басшысының барлық кәріз құдығын тексеру жайында берген тапсырмасын орындамай отырған көрінеді.

Александра Федотова:

Мен жуған киімімді жая қояйын деп бір сәтке ғана бұрылған едім, қызым құдыққа түсіп кетті. Ішінде плита мен тақтайлар болғанның өзінде. Мен қызымды дауыстап шақырып, қолынан ұстап үлгердім.

Бүлдіршін құдық ішіндегі суға тұншығудың сәл-ақ алдында қалған. Оқиғаның ізін ала «Защитная» көшесінің тұрғындары құдық қақпағын жабыңдар деп коммуналды қызметке қоңырау шылыпты. Содан бері 3 күн өтті, жауап та, қақпақты жабуға келген жұмысшылар да жоқ.

Ольга Сосеновская
, «Защитная» көшесінің тұрғыны:

Бұл құдықтардың ашық жатқанына 10 жыл өтті. «Қарағанды су» құдықтар біздің меншігімізде емес дейді. Кәріз қызметіне ақшаны үзбей төлейміз. Сол ақшамыз бір құдық қақпағына жетпегені ме?

Азамат АЛДОҢҒАРОВ