Павлодарда картоп бағасы бірден екі
есеге көтеріліп кетті. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне өңірлік ауыл шаруашылығы
басқармасы бастығының орынбасары Төлеген Көшербаев мәлімдеді.
Кей сауда нүктелерінде картоптың
келісі 120 теңгеден 230 теңгеге бір-ақ жеткен. Тіпті, 250 теңгеден саудалап жатқандары да жоқ емес. Әлеуметтік
дүкендерде де бағаның көтерілуі байқалған.
Белгілі болғандай, аймақта жергілікті
картоптың қоры мамыр айында бітіп қалған екен. Бұдан
соң Пәкістан және Қытайдан жеткізілетін өнім құны шарықтап кетсе керек. Қазір
шеттен әкелінетін картоп көтерме сауда орындарында 170-180 теңге болса, бөлшек
саудаға жеткенше тағы теңге қосып жатыр. Жергілікті билік өкілдері бұл уақытша
құбылыс деп отыр.
Илхам ИБРАГИМ