$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қазақстан мен Ресей шегірткеге қарсы бірігіп күреспек

AstanaTV
16.06.2014ж. 10:00
988
Қазақстан мен Ресей шегірткеге қарсы бірігіп күреспек

Елімізге шегіртке қауіп төндіруде. Ауыл шаруашылық жерлердің 4 млн гектар алқабын шегірткелердің үйірлі түрі баспақ. Зиянкестермен күреске бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді.

Оның ішінде 520 млн теңгеден астам қаржы қажетті дәрілерді сатып алуға бағытталды. Сондай-ақ, химиялық өңдеуге 2,5 млрд теңге аударылды. Зиянкестерді улауға 18 ұшақ пен 43 авиациялық әуе кемелері тартылмақ.

Қауіп, әсіресе, Ақтөбе облысына төніп отыр. Шегіртке шабуылына Ресей де алаңдаулы. Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы министрліктері шегірткемен бірлесіп күресетін болды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ