$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Қазақстанда халықаралық туризм нарығына ене алады

AstanaTV
16.06.2014ж. 13:00
1802
Қазақстанда халықаралық туризм нарығына ене алады

Қазақстан халықаралық туризм нарығына енуге ниетті. 2020 жылға қарай бұл салаға 6 млрд доллар инвестиция тартып, туристер санын 9 млн адамға жеткізу жоспарда бар. Мәжілістегі Үкімет сағатында Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осыны мәлімдеді.

Қазақстанда туризм саласы жыл санап дамып келеді. Әйтсе де, табысты сала ретінде әлі қалыптасқан жоқ. Демалушыларға қызмет көрсету құнының тым жоғарылығы, инфрақұрылым мен сервистің жеткілікті дамымағаны едәуір тұсау болуда. Виза алу және өзге де шаралардың күрделілігі тағы бар.

Осындай мәлімет келтірген министр халықаралық туризм өсімінің үштен екі бөлігі көрші мемлекеттермен қамтамасыз етілетінін айтты. Бұған Қытай, Ресей, Таяу Шығыс және Еуропаны жатқызуға болады. Президент өз Жолдауында туризм саласын өркендетудің жүйелі қадамын жасау туралы Үкіметке тапсырма берген. Осыған орай, туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА