$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Бразилиядағы ереуіл жалғасуда

AstanaTV
16.06.2014ж. 13:00
1111
Бразилиядағы ереуіл жалғасуда

Бразиялияда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысты наразылық акциялары үдеп барады. Рио-де-Жанейро қаласында Маракана стадионына басып кірмек болғандарға қарсы полиция көз жасаурататын газ қолданды. Ол кезде стадионда Аргентина және Босния-Герцеговина құрамаларының кездесуі өтіп жатқан.

150-ден астам ереуілші FIFA Go Home деген жазуларды көтеріп, футбол федерациясына қарсылық білдірді. Футболдан әлем чемпионаты маусымның 12-нде басталғаны белгілі. Ал қарсылық шаралары әлемдік додадан бірнеше ай бұрын басталып кетті. Наразы топ Әлем чемпионатына кеткен қаржыны, елдің дамуына жұмсау қажет еді деген пікірде.

Илхам ИБРАГИМ