АҚШ Иракқа қолдау көрсетуге дайын.
Күні кеше Ақ үй басшысы Бағдатқа 300 әскери жаттықтырушы мен барлау қызметкері
жөнелтілетінін айтты. Ол «Ирак пен Левент ислам мемлекеті» тобының содырлары
Ирак халқына, сондай-ақ, АҚШ мүддесіне де қауіп төндіруде дейді. Бүгінде АҚШ
Бағдат қаласын Ирак пен Левент содырларынан босату үшін барын салуда. Ирактағы
дипломатиялық корпусымызды эвакуациялауға тура келді, - дейді Барак Обама.
Дегенмен, Иракқа әскер жіберудің
қажеті жоқ деп шешті ол. Бірақ жағдай ушығып
кететін болса, АҚШ жергілікті билікпен және конгресспен шұғыл кеңес өткізіп,
әскери соққы жасауға әзір. Оның ойынша, Ирак халқы
мемлекеттегі тәртіпсіздіктерді өздері шешуі тиіс.
Айта өтейік, ИГИЛ исламисттік тобы
Ирактың солтүстік және батыс өңірлеріне шабуылдай бастады. Қолға түскен барлық әскерилерді жаппай қырып жатыр.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА