Солтүстік Каспий жобасына қатысушылар Қазақстан Үкіметімен Қашағанды
игеруді одан ары дамыту туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Бұл
жөнінде NCOC-дің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Хабарламада
тараптардың қазақстандық қамту мен жобаның өндірістік мүмкіншілігін талқылау
жөнінде келісімге келгені айтылған. Маңызды жоба аясында мемлекет, жоба
қатысушылары және North Caspian Operating Company арасындағы ынтымақтастықты
дамыту жоспарын алға жылжыту таяу уақытта талқыланатын болады.
Еске салайық,
өткен жылдың күзінде Қашаған кен орнында мұнай өндіру басталғанымен, аяқсыз
қалды. Құбырдағы жарық салдарынан жұмыс тоқтатылған болатын. Қазақстан Үкіметінің
соңғы мәлімдемесіне қарағанда, Қашағандағы жұмыстар 2015 жылдың соңына қарай
жандануы мүмкін.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА
{