$527.23 €544.05 ₽5.05
×

Мәскеуде 21-ші бүкіләлемдік мұнай конгресі өз жұмысын бастады

AstanaTV
16.06.2014ж. 20:00
993
Мәскеуде 21-ші бүкіләлемдік мұнай конгресі өз жұмысын бастады

Мәскеуде 21-ші бүкіләлемдік мұнай конгресі өз жұмысын бастады Ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің астарында энергетикалық ресурстарды экспорттаушылар мен импорттаушылар арасында қауіп-қатерді әділетті бөлуді сақтау ұғынылады. Бұл туралы РФ үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович 21-ші бүкіләлемдік мұнай конгресінде айтты. Пленарлық сессияда сөз сөйлеген А.Дворкович Ресей бүкіләлемдік мұнай конгресінің аясында елдің 2035 жылға дейінгі жасалып жатқан энергетикалық стратегиясының негізгі элементтерімен таныстыратынын атап өтті.

«Энергетикалық стратегияны жасау аясындағы энергетикалық кешеннің алдына біз қойып отырған міндеттер келесідей: мұнай қорларын жылдамдатылған геологиялық барлау есебінен кеңейту, шығыс Ресейде жаңа мұнай кешендерін қалыптастыру, сонымен бірге мұнай беруді ұлғайтудың замануи тәсілдерін енгізу», - деді вице-министр.

Ол РФ-ның Азия-Тынық мұхиты аймақтарындағы энергетика нарықтарында орнығуға, сонымен бірге батыс нарығына қатысуға ниетті екенін атап өтті. Соған байланысты өзінің мұнай саласын 2035 жылға дейін 1 трлн АҚШ долларынан астам капиталдық салымдармен және инвестициямен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Газ саласына жоспарланған мұнай көлемі 700 млрд АҚШ долларын құрады.

«Ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету энергетикалық ресурстардың экспорттаушылары мен импорттаушылары арасында қауіп-қатерді әділетті бөлуді қарастырып отыр, - деп атап өтті ол. - Біз әлемдік мұнай-газ нарығының барлық қатысушыларының бар мүдделерін қолдауға күш салатын боламыз».

Еске сала кетейік, 21-ші бүкіләлемдік мұнай конгресінің жұмысына Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің жанындағы қазақстандық Ұлттық комитет қатысуда. Әрбір үш жыл сайын Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің қолдауымен өткізілетін мұнайшылар конгресі әлемдік мұнай-газ индустриясының ірі оқиғасы болып табылады. 15-19 маусым аралығында өтіп жатқан Мәскеу конгресіне әлемнің 80 елінен 5000-ға жуық делегаттар жиналды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА