Ірі газ құбыры желісі жарылды. Оқиға Полтава облысында болған. Жалынның биіктігі 100
метрге жетті, радиусы - 300 метр шамасында. Ал газдың жануы салдарынан болған
жоғары температураның әсері бір шақырымға дейін жетеді. Қазір газ жеткізуді
тоқтату жөнінде шаралар қолға алынып жатыр.
Елдің ішкі істер министрлігі әзірге
бұл оқиғаға қатысты бірнеше версиялар қарастырылып жатқанын айтты. Оның бастысы - террорлық әрекет.
Айтуларынша, «Уренгой-Помары-Ужгород» құбыр
желісіндегі жарылыс қасақана жасалуы мүмкін. «Газпром» мен «УкрТрансГаз» басқаратын
арналы құбыр орыс-украин шекарасын кесіп өтеді. Жойқын жарылыс Ресей Украинаға
газ беруін тоқтатуға дайындалып жатқан кезде болып отыр.
Илхам ИБРАГИМ