$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Ирактағы жағдайдың тұрақтануы үшін АҚШ пен Иран ынтымақтасуы керек

AstanaTV
17.06.2014ж. 20:00
1071
Ирактағы жағдайдың тұрақтануы үшін АҚШ пен Иран ынтымақтасуы керек

Ирактағы жағдай тұрақтануы үшін АҚШ пен Иран ынтымақтасуы керек. Таяу Шығыстағы сарапшылардың пікіріне сүйенсек, шиеленістің жалғыз шешімі осы серіктестік. Иран президенті Хасан Роухани де қарап қалмады. Өз кезегінде ол, егер де Вашингтон Ирак экстремистеріне қарсы операция бастаса, қолдау көрсететіні жайында мәлімдеме жасап үлгерді. 

Біләл Сааб, Таяу Шығыс қауіпсіздігі атлантикалық кеңесі бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері:

Таяуда ғана болған тәліптерді ұстап тұрудағы американ-иран ынтымақтастығын еске алыңыздаршы. Осы серіктестікті нәтижелі деуге болады. Сондықтан бұл достықты ешқашан болмаған деу негізсіз. Ирак жағдайындағы тәуекел, әрине, жоғары. Алда үлкен проблемалар тұр. Шиеленіс тек ИГИЛ мүшелерінің бас көтеруі емес. Оның астарында үлкен бір аймақтың, тіпті Ирактың ішіндегі келіспеушіліктер жатыр.

Ел ішіндегі жағдай шынымен ушыққан сынды. ИТАР-ТАСС-тың таратқан хабарында, Америка президенті Барак Обама Бағдаттағы АҚШ елшілігі мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 275 жауынгерді аттандыру туралы хабарламаны Конгресске жолдады делінеді. Ал Ақ үйден болашақ серіктестік жөнінде әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ