$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Елордада «Жастарды жұмысқа орналастыру бекеті» деп аталатын пилоттық жоба басталды

AstanaTV
17.06.2014ж. 20:00
1305
Елордада «Жастарды жұмысқа орналастыру бекеті» деп аталатын пилоттық жоба басталды

Астанада теміржол вокзалының табалдырығын аттаған жас маман екі қолға бір күрек табады. Елордада «Жастарды жұмысқа орналастыру бекеті» деп аталатын пилоттық жоба басталды. Бұл шараның дәл осы мезгілге жоспарлануы да тегін емес. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында сабақ аяқталып, жастар аттестат пен дипломды қолға алды.

Жыл сайын осы мезгілде Астанаға 30 мыңдай адам келеді. Оның тең жартысы 29 жасқа дейінгі қыз-жігіттер. Ал теміржол вокзалы мен автовокзалдағы бекеттер жаз соңына дейін сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейтін болады. Осында келген әрбір жас қандай мекемелерде бос жұмыс орындары бар екендігін біле алады. Егер жоба тиімділігін көрсетсе, оны жыл соңына дейін ұзарту да жоспарда бар.

Талғат Рахманберді, Астана қалалық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы:

Астанада жұмысқа орналасудың қандай тиімді тұстары бар, біз соларды анықтап, әдістемелерді дайындап, жастарға жағдай жасап отырмыз. Жүзден астам мекемемен меморандум бар. Солар арқылы біз жастарымызды жұмысқа орналастырамыз деген ойдамыз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА