Ал АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі 2014 жылы бар болғаны 2%-ға өседі. "Мұндай
тұжырымды Халықаралық валюта қорының мамандандары жасады", - деп хабарлайды
«Bloomberg» ақпарат агенттігі. Қор сарапшыларының пікірі жұмыссыздық
көрсеткішіне негізделген. Олардың ойынша, жұмыссыздық деңгейі төмендемейді.
Еске
салайық, Америкада еңбекке тартылмаған азаматтардың саны 6 пайыздан асады.
Бұдан бөлек, Вашингтонға инфрақұрылымды дамыту, ең төменгі жалақы деңгейін
көтеріп, қалаға қоныстанушыларды шектеуге тосқауыл қоюға кеңес берілген.
Бұған
дейін айтылғанындай, дүниежүзілік банк ішкі жалпы өнімнің өсімі 0,7 пайызға
төмендейді деп болжаған болатын. Ал Америка сауда министрлігінің есебінше, ел
экономикасы бірінші тоқсанда 1 пайызға төмендеген.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ