$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Қазақстанда пойыз билеттері арзандайды

AstanaTV
18.06.2014ж. 10:00
1536
Қазақстанда пойыз билеттері арзандайды

Қазақстанда пойыз билеттері арзандауы мүмкін. Жеңілдік, әзірге халықаралық пойыздарға ғана қатысты болайын деп тұр. Бірінші тамыздан бастап мұндай пойыздарға билетті алдын ала сатып алуда жолаушылар үшін жеңілдіктер қарастырылады. Осылайша купе және люкс санатты вагондарға: пойыз жүрісінен 45-31 тәулік бұрын алынған билеттерге 30% жеңілдік жасалмақ. Яғни, 1 тамыздан бастап пойызға жеңілдікпен міну үшін билетті 18 маусымнан 1 шілдеге дейін ресімдеу керек, - деп хабарлайды тиісті ведомство өкілдері.

Илхам ИБРАГИМ