21,7 млн доллар. Осынша қаржыны Дүниежүзілік
банк елімізге грант ретінде бөлді. Қаражат Қазақстанның энергетикалық
тиімділігін арттыруға, яғни, қуат көзін үнемдеуге бағытталады. Алдағы
4-5 жылда 80-ге жуық мектеп пен 20-дан астам аурухана және ірі даңғылдардың
қуат көзі энергия үнемдейтін технологиялармен жаңғыртылады.
Айта кетерлігі, бұл қомақты сомма
қайтарымсыз. Дүниежүзілік банктің сыйы десе де
болады. Гранттық келісімге Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Әсет Исекешев пен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты
өкілі Шебнем Аккая қол қойды.
Әсет Исекешев, ҚР Премьер-министрінің
орынбасары, Индустрия
және жаңа технологиялар министрі:
Бұл келісім, бұл грант бірінші жылы 14 нысанды, одан кейін жыл сайын
еліміздің әр түрлі аймағында 20 мектеп, 5 аурухана және 1 көшенің жарықтандыру
жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ол нысандарда қуат көзін үнемдеу
бағдарламасы құрылады және ол жобалар энергияны үнемдеудің жақсы үлгісі болады.
Шебнем Аккая, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты
өкілі:
Грант Швейцария
конфедерациясы және Дүниежүзілік
банкпен қаржыландырылады. Аталмыш жоба мемлекетке энергиялық тиімділікті
арттырып, қуат көзін үнемдеуде болашақ жобаларды қаржыландыру жүйесін құруға
мүмкіндік береді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ