$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Террористік материалдарды тарату ғана емес, оларды келуге, шығару мен әзірлеуге тыйым салынады

AstanaTV
18.06.2014ж. 13:00
1061
Террористік материалдарды тарату ғана емес, оларды келуге, шығару мен әзірлеуге тыйым салынады

Қазақстан аумағында террористік материалдарды тарату былай тұрсын, оларды әкелуге, шығаруға және әзірлеуге тыйым салынады. Мәжіліс «экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Құжат енді Сенатқа жолданады. Жобаны әзірлеу барысында алпыстан астам түзетулер ұсынылған. Басым бөлігі лаңкестікке қарсы күрес саласында құқықтық базаны жетілдіруге мүмкіндік береді. Ал бөтен пиғылды жандарға жер телімін беруді реттеу, сондай-ақ, ғимараттарды ғибадат үйi етіп қайта өзгертумен байланысты шаралар нақтыланады. Мұнан бөлек, экстремистік немесе террористік ұйымдарға қатысты «шетелдік» немесе «халықаралық» деген сөздерді алып тастай отырып, олардың әрекет ететін аумағына қарамастан, тану туралы шешім қабылданып отыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА