$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Петропавлда жалған грант жасаған колледж директоры 5 жылға сотталды

AstanaTV
18.06.2014ж. 13:00
1115
Петропавлда жалған грант жасаған колледж директоры 5 жылға сотталды

Қызылжарда студенттердің шәкіртақысын қалтаға басып отырған құрылыс колледжінің бұрынғы директоры 3 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан шектелді. Сот қылмыскерге қатысты осындай үкім кесті.

Нүрикамал
Иманбекова, Петропавл қалалық сотының бас маманы:

Бабжанов Серік Уәлиханович Петропавл қаласы құрылысының бұрынғы директоры ҚР ҚК-нің 176-бабының үшінші бөлімі «Г» тармағы бойынша бөтен мүлікті жалған ұрлағаны үшін және де 314-бабының 1-ші тармағы бойынша ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізгені үшін Петропавл қалалық сот 2014-ші жылғы 12-ші мамырдағы үкімімен 3 жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылуға сотталды.

Еске салайық, Петропавлда аталған білім ордасының басшысы 60 жасар күзетшіні грант бойынша оқуға қабылдап, шәкіртақысын әмиянына салып отырған. Жалған студенттердің арасында банк қызметкерлері де бар.

Прокурорлардың мәлімдеуінше, олардың басым бөлігі студент қатарына қосылғанынан хабарсыз болып шыққан. Тексере келе, директордың жалғыз теріс әрекеті бұл емес екені анықталды. Ол, сонымен қатар, өз атына қосымша пәндерді жазғызып, шын мәнінде сабақ бермеген. Мекеме басшысы мұндай теріс әрекеттерін 2013-жылы жүзеге асырды. Ал оның қылығы биыл қыста ғана әшкере болды.

Абзал ҚҰРМАНКИН