Қарағанды облысын шегіртке қаптап
барады. Зиянкестер Жаңаарқа ауданындағы
ауылдарды жайпап жатыр. Мамандардың айтуынша, «бұл
облыста орын алған алғашқы жағдай. Жылда 130 мың гектар жер өңделеді. Бұрын-соңды бұндай болған емес», -
дейді олар.
Қазіргі таңда ауылда жәндіктердің
көзін жою жұмыстары жүргізілуде. Арнайы топ
улы химикаттарды шашуда. Сондай-ақ, ауыл маңы ұшақпен әуеден де тозаңдатылып
жатыр. «Қазір шегірткенің жұмыртқалау кезеңі басталу қаупі бар. Сондықтан, жұмысты жеделдету керек», - дейді
сала мамандары. Әйтпесе, шегірткеден төнетін қауіп еселенуі
мүмкін.
Жұрағат БАМАН