$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Шымкентте ағза мүшелерін беруге келісетіндер үшін конференция өтті

AstanaTV
19.06.2014ж. 10:00
1032
Шымкентте ағза мүшелерін беруге келісетіндер үшін конференция өтті

«Өмірді сақтап қалуға мүмкіндік бер. Бұл дүниеден озғасын, ағзаңды пайдалануға рұқсат бер». Шымкентте өткен жиын осы тақырыпты қамтыған.

Мақсат - адам ағзасын қажет ететін жандардың көп екенін жалпақ жұртқа ұғындыру.

Бүгінде үш мыңдай науқас бүйрегін, бір мыңдай қазақстандық бауырын, тағы осынша адам жүрегін алмастыруға кезек күтіп жүр. Ал көптеген науқас дер кезінде донор табылмағандықтан көз жұмды. Оңтүстікте бүйрек трансплантациясына мұқтаждар саны үш жүзден асады. Шымкентте соңғы жылдары 26 адамның бүйрегі алмастырылған. Олардың өмірін ұзартуға туыстары үлес қосты. Ал өздігінен ағзасын беретіндер жоқтың қасы, дейді мамандар.

Сондықтан, шет елдер тәжірибесіне сүйене отырып, өмірден озған жанның сау ағзасын өзгеге сыйлауын алдын ала қарастырудың маңызы зор. Мәселен, Испанияда әрбір екінші азамат қайтыс болған соң өз ағзасын пайдалануға келісім беріп қойған. Астана мен Шымкентте сауалнама жүргізген бірлестік мүшелері он мың адамның қырық бес пайызы өз органын мұқтаж жандардың пайдалануына қарсы болмағанын айтады.

Мұрат Өскенбаев, Республикалық қоғамдық бірлестік президенті:

Дені сау, жап-жас қаншама адам жол апатынан қайтыс болып жатыр. Егер солар көзі тірісінде кейін ағзамды пайдалануға қарсы болмаймын деп келісім беріп қойса, 1 мәйіттің өзі органға зәру төрт-бес адамның өмірін ұзартқан болар еді. Сондықтан
, біз мәйітті донорлыққа алу мәселесін кеңінен түсіндіруіміз керек.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ