$513 €541.16 ₽4.69
×

Тәжіаяқовқа қарсы айғақ жеткіліксіз

AstanaTV
24.06.2014ж. 13:00
1707
Тәжіаяқовқа қарсы айғақ жеткіліксіз

Бостон жарылысына қатысты тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған Азамат Тажіаяқов ақталып шығуға үмітті. Бұл туралы біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында оның әкесі Әмір Исмағұлов мәлімдеді.

Айтуынша, күні бұрын алдын ала сот тыңдауында Азамат ең қауіпті айыптан құтылған. Тергеу материалдарынан қазір Азамат Тажіаяқов пен Диас Қадырбаев, Джохар Царнаевка көмектесуді жоспарлады деген мәлімет алынып тасталды. Алғаш қолға түскенде АҚШ агенттері Азаматтың тергеу көрсетпелерін қате жазып жіберген, - дейді Исмағұлов. Бұл куәгерлердің арқасында дәлелденді.

Сондықтан, айыпталушы тарап прокуратураның кінәні мойындау арқылы жазаны жеңілдету туралы ұсынысынан бас тартып отыр. Алда тағы бір сот тыңдалымы өтеді. Негізгі процесс 7-шілдеге белгіленген. Онда Тәжіаяқовтың тағдырын 12 алқа биі шешеді.

Әмір Исмағұлов, А.Тәжіаяқовтың әкесі:

Егер адвокаттар жігіттердің кінәсіз екеніне 99%-ға сенімді болмаса, бұл іске кіріспес еді. Америка бүкіл әлемге, жігіттер кінәлі деп жар салып қойды. Енді бас татқысы келмейді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ