Бүгін елімізге Оңтүстік Корея
Республикасының Президенті Пак Кын Хе ресми сапармен келді. Ел тізгінін жуырда
қолына алған Пак Кын Хе ханымның бұл Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік
сапары.
Екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан
әрі бекемдеп, мемлекеттік байланыстың тамырына қан жүгіртеді деп күтілуде.
Оңтүстік корейлік сыртқы саяси ведомствоның ақпарына сай бұл сапардың мақсаты - Орта Азияның үш елімен - Қазақстан,Түркменстан және Өзбекстанмен экономикалық
ынтымақтастықты кеңейту. Сондай-ақ, Пак Кын Хеның аталған мемлекеттердің
көшбасшыларымен жеке байланысын нығайту болып табылады. Бұл жөнінде «ҚазАқпарат» хабар таратты.
Айта кетейік, Қазақстан мен Корей елі
алдында бірнеше ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыру міндеті тұр. Уағдаластықтар
аясында тартылған оңтүстік корейлік инвестицияның көлемі шамамен 8 млрд долларға
жетіп жығылады.
Бұдан бөлек, елімізде оңтүстік корейлік капиталдың қатысуымен бірнеше жүздеген бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА