$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Әлем чемпионаты: Бразилия, Мексика және Ресей құрамаларының ұпайлары жойылуы мүмкін

AstanaTV
19.06.2014ж. 10:00
1209
Әлем чемпионаты: Бразилия, Мексика және Ресей құрамаларының ұпайлары жойылуы мүмкін

Халықаралық футбол федерациясы Ресей, Бразилия, Мексика құрамаларын жанкүйерлер тәртібі үшін жазалауы мүмкін. «РИА Новости» агенттігінің хабаралауынша, ФИФА аталмыш құрама командаларынан ойын ұпайларын жою мүмкін екенін де жариялаған.

Тәртіпті қадағалайтын «Fare» компаниясының мәліметінше, Мексика мен Бразилия ойыншыларының кездесуі барысында жанкүйерлер бір-бірін балағаттаған. «Біз бұл бассыздықтарды дереу тыйуға мәжбүрміз», - дейді аталмыш компанияның директоры Пиара Поуар. Сондай-ақ, Ресей мен Хорватия құрамаларының жанкүйерлері ойын кезінде алып баннерлерде неонацисттік және фашисттік таңбаларды жайып салған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА