Ұлттық банк бірінші шілдеден бастап
шет елдік есепшоттарды салықтық бақылау талабы АҚШ заңына сәйкес енгізілетінін
хабарлайды. Бұл туралы мекеменің баспасөз
қызметі ақпарат таратты.
Қазіргі уақытта Қазақтан үкіметі АҚШ-ымен ақпарат алмасу жөнінде келісімге келуде. Демек, 1-шілдеден бастап жеке және
заңды тұлғалар келесідей операциялар кезінде өздерінің және серіктестерінің қай
салық органына тіркелгендігі туралы мәлімет беруге міндетті. Ол, банкте есепшот
ашу мен құнды қағаздарды және басқа да активтерді екінші деңгейлі банктерде
тіркеуге қатысты.
Сондай-ақ, бұл өзгеріс брокерлік,
дилерлік келісім-шарттар және сақтандыру ұйымдарымен келісім-шарт жасасуды да
айналып өтпейді.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ