Түркияның бұрынғы президенті Кенан
Эврен өмір бойы түрмеде отыратын болды. 96 жастағы саясаткер билікке қарсы
қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, ең ауыр жазаға кесілді. Кенан Эврен 1980 жылғы мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырушы
деп айыпталды.
Ресми мәлімет бойынша, Эврен билікте
отырған кезінде 178 мың адам тұтқынға алынса, оның 30 мыңы азаматтығынан
айырылған. 50 түркиялық өлім жазасына кесіліп, тағы 450-і азаптаудан өліп
кеткен еді. Төңкеріс қатысушылары осыдан екі жыл бұрын жауапқа тартыла бастады.
Ал, Эврен жазаға қарсылық танытпай, тіпті, өкінбейтінін де мәлімдеген.
Илхам ИБРАГИМ