$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Атырауда бруцеллез ошағы табылды

AstanaTV
19.06.2014ж. 13:00
994
Атырауда бруцеллез ошағы табылды

Атырау облысының Қызылқоға ауданында бруцеллез ауруы азаймай тұр. Жыл басынан бері облыста ауру жұқтырған бір мыңдай бас ірілі-ұсақты мал анықталып, көзі жойылған. Оның 95% осы ауданға тиесілі. Ветеринар мамандар үш бірдей ауылдағы малдың сыртқа шығуына шектеу қою керек деп ескертіп отыр. Қазір мұндай шектеу тек Ойыл ауылдық округінде жарияланды.

Ал Миялы және Көздіқара ауылдары әзірге шектеу шараларын кідіртуде. Мамандар аудандағы жағдайдың тұрақталмауына мал иелерінің өздерін кінәлап отыр. Олар отарға жаңа қосылған малды тексертуге асықпайды, дейді.

Ғалымбек Бисенғалиев, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясы басшысының м.а.:

Мысалы, ағайын-туыстардан алып келген малдарды, жергілікті әкімшілікке, ветеринарларға ескертіп, тексеріп алыңыздар, деген сияқты шаралар жүрмейді. Сондықтан
, малдың қозғалысы қадағаланбағаннан кейін осындай жағдайға жетіп отырмыз. Бұл жерде жергілікті атқарушы органдардың кінәсі жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ, оларды бақылауға жүргізу керек еді.

Базаргүл ІЗІМОВА